Accessibility links

Моздоктағы әскери ауруханада болған жарылыс 29 адамның өмірін қиды


78 -адам жарақат алды, оның 10-ы ауыр халде жатқан көрінеді. Құтқарушылар тірі адамдар табылып қалуы мүмкін деген үмітпен тексеруді жалғастырып жатыр. Солтүстік Осетия республикасы үкіметінің төрағасы Михаил Шаталов “кем дегенде 14 адам құлаған ғимараттың астында қалуы мүмкін”- деп хабарлады. Жұма күні кешкісін жанкешті жауынгер қопарылғыш затқа толы жүк автокөлігімен әскери аурухана ауласына басып кірді. Жарылыс бойынша ешкім өзіне жауапкершілік алған жоқ. Тергеу жұмысы басталды. Ресей бас прокуроратурасы “Интерфакс” агенттігіне “бұл қаруланған чешендер тарапынан жасалған кек алу әрекеті” деп мәлімдеді. Жарылыс болған әскери ауруханада Чешенстанда қызмет атқарып жүрген әскерилер емделіп жатқан.
XS
SM
MD
LG