Солтүстік Кореяның даулы ядролық бағдарламасына орай алдағы айда өтеді делінген алтыжақты кездесу алдында оқыс мәлімдемелер туындауда. Дүйсенбі күні Солтүстік Корей сыртқы істер министрлігі кездесу Бежинде жақында өтетін болды десе, Оңтүстік Корея кездесу қыркүйекте Бежинде басталады дейді. Алтыжақты кездесуге қос Корея қатарында Құрама Штаттары, Ресей, Қытай және Жапония қатыспақ.
Соныңмен, осы кезге дейін көпжақты кездесуге көнбей келген Солтүстік Корея ақыры алтыжақты келіссөзге көніп отыр. Соған қарап бұл Вашингтонның жеңісі деуге бола ма деп жазады радиомыздың талдаушысы Джереми Бранштеин.Оның үстіне Құрама Штаттарының сыртқы істер министрінің орынбасары Джон Болтон өткен аптада Сеулде Солтүстік Корея көсемін "тиран диктатор" деп балағаттағаны есте. Балағаттаудан Солтүстік Корея да қалыспады. Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігі Америка дипломатын "адамның алаяғы" деп түйреді.
Британияның Лиид Университетінің маманы Аидан Фостер-Картер болса Пхениян кәзір көпжақты келіссөздің өзі үшін тиімді екенін түсінген деп біледі: "Солтүстік Корея үшін қатаң талаптар қойып отыратын жалғыз Құрама Штатарымен жүздескеннен гөрі бұл жағына шығып кетпесе де ең болмағанда ядролық бағдарламадан бас тартқаны үшін өтемақы төлеуге Құрама Штаттарды көндіретін Ресей, Қытай тәрізді елдермен бірге болған тиімді болып отыр."
Ал, Құрама Штаттары үшін көпжақты кездесу екі жүзді семсермен бірдей дейді талдаушы. Өйткені, Ресей мен Қытай ядролық қарудан бас тарт деп Пхениянға салмақ сала отырып, ядролық қарудан Пхениян бас тартқан жағдайда Америкаға енді сен сол үшін өтемақы төле деп бас салары анық дейді.
"Бір жағынан меніңше Құрама Штатарға былай делінбек: " Егер біз Солтүстік Кореяны бұ салада алға қадам жасаттырар болсақ онда сен өған өтемақы төле! Ал, Құрама Штаттары болса дәл осы күнге шейін тәртібі нашар болды деп Солтүстік Кореяға өтемақы төлеуден бас тартып келген."
Өзге бір талдаушы Азия мәселелері бойынша Гамбург Университетінің маманы Патрик Коелнер егер Солтүстік Корея бұл келіссөзде ядролық қарудан бас тартпайтын болса, онда бұл жағдаят Американың Солтүстік Кореяны теңізден қоршауға алуына, және бұл елге қарсы халықаралық санкциялар салына бастауына жол ашады деп біледі.
"Осынау жан-жақты кездесудің бір жақсы жері мүдделі жақтардың бәрі қатысады. Егер бір қате кетсе немесе бұ кездесу барысында бір дұрыс шешім қабылданбаса онда Солтүстік Кореяға қарсы өзге бір шараларға негіз қаланды дей беріңіз"
Ал, Германияның Триер Университетінің маманы Себастиян Гарниш болса, теңіз жақтан қоршау Солтүстік Кореяның ядролық қару сатуға деген тәбетіне 100 пайыз тосқауыл бола алмайды деп біледі.
"Соныңмен бұл Солтүстік Кореяға қысым жасаудың бір жолы. Алайда, бұл ядролық экспортты Азия аймағына, Таяу Шығысқа тағы да басқа аймақтарға тоқтатудың жолы емес"
Дүйсенбі күнгі санында “Wall Street Journal Europe” басылымы Солтүстік Корея түйінін шешудің тағы бір жолы бар, ол –соғыс деп жазды.
Британдық талдаушы Аидан Фостер-Картердің пікіріне тағы да ден қоялық:
"Соныңмен бұл Вашингтонның қатты ойланатын тұсы. Өтетіні анық болып отырған келіссөзге баса назар аударатын тұсы. Солтүстік Корея саясатын дәл болжап, мәселені өз тұрғысынан қоятын тұсы"