Accessibility links

Америка үкіметі егер батыс жағалауда қорғаныс қамалын тұрғызуды жалғастыра беретін болса Израилға берілетін қаржылай көмекті қысқарту жағын ойластыра бастаған.


Бұл жөнінде кеше АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Филип Рикер айтқан, бірақ ешқандай шешім әлі қабылдана қоймаған.

Израил жағы мұндай қабырға палестиндіктердің шабуыл жасау үшін кіретін жолдарына тосқауыл болады десе, палестиндіктер бұл қабырғаның соғылуы әрі-бері еркін жүріп-тұруды шектейді және Палестин мемлекетін құру жөніндегі келіссөздерге өзіндік кедергісін тигізеді дейді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл бұл қауіпсіздік қабырғасы Таяу шығысты бейбіт реттеу турасындағы ең соңғы жоспарға кедергі болады деген. Ал Америка президенті Джордж Буш Израил премьері Ариел Шаронмен қабырғаға байланысты Американың алаңдаушылығын білдірген.

Сағат Батырхан
XS
SM
MD
LG