Басра. Ирақтың Бағдадтан кейінгі екінші үлкен қаласы Басрада жанар май мен электр қуатының жетіспеуінен қалада толқулар басталды. Ашулы ирақтықтар Күвейт номерлі машиналарға тас лақтырып көшеде донғалақтарды өртей бастады. Қаланы бақылауда ұстап отырған Британ жасақтары күзетті күшейтті.