Өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесі қоғам талқысына түскеніне аз болған жоқ.
Жаза ауыстырылған жағдайда мұндай адамдарды өмір бойы асырап-бағуға Қазақстан экономикасы дайын ба?
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының қызметкері Талғат Берекетов, тамыздың 13-і күні “Азаттық” радиосына осы мәселеге байланысты өз пікірін білдірген еді. Оның айтуынша, өлім жазасын өмірлік бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру жөнінде әзірге шешім қабылданған жоқ. бірақ дайындық жұмыстары жасалуда.
- Ендігі жылдан бастап осы жаза амалға енгізіледі деген әлі бір шешімге келген жоқпыз. Бұл мәселе әлі де талқыланып жатыр. Дегенмен, Елбасы сәуірде болған халыққа Жолдауында тоқатылп өтті. Дүниенің жетістігі, жаңалықтары біздің елімізде де болуы тиіс. Адам құқықтарын қорғауды мақсат қоя отырып, мұндай шараларды өзіміздің қолдауымыз және енгізуіміз заңды деп білемін.
Бұл мәселе туралы тиісті мемлекеттік органдар тарапынан келісімдер жүріп жатыр. Білуімше, тиісті заңнама жобалары дайындалған және тиісті мемлекеттік органдарға енгізілген. Жаңа жылдан бастап енгізіледі деген ол сәл асығыс айтылған пікір. Бұл мәселені анық шештік деп ақырғы нүктені қоюып, анық шештік деуге негіз жоқ. Бірақ келіссөздер жүргізілуде. Жақын арада болуы тиіс, - деді Талғат Берекетов.
Оның айтуынша, Қазақстанда өлімі жазасына кесілгендер саны бұрынғы жылдарға қарағанда азайған. Сондай-ақ ол елде жаңа жылдан бастап өлім жазасын жазаның басқа түрімен ауыстыруға мүмкіндік бар деген де ойын айтты:
Жақында бұл мәселе туралы Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиде айтты. 1999 жылы 63 адам өлім жазасына тартылған болса, биыл жарты жылдың ішінде 8 адам өлім жазасына тартылған екен.
Талғат Беректов, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және ұлттық орталық қызметкерлерінің облыстарда орналасқан бас бостандығынан айыру орындарын аралап, ондаға сотталушылардың жағдайларымен танысуды жоспарлы жүргізіп отыратындықтарын айтты:
Бұл орайда аталған мекеме қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы жазаны өтеу орындарында болған. Осы айдың ішінде Солтүстік Қазақстан облысындағы түзету орындарын аралау жоспарлануда, - деді Талғат Берекетов.