Accessibility links

Солтүстік Кореяның атом бағдарламасының мәселесі Вашингтон мен Мәскеуде талқыланды


АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауел өткен түні Оңтүстік Корея және Жапония делегацияларын қабылдап, Солтүстік Кореяның күдікті атом бағдарламасының мәселесін талқылады. Солтүстік Корея атом бағдарламаларын тоқтатпаса Америка тарапынан оған ешқандай экономикалық ұсыныс болмайтынын Колин Пауелл тағы қайталап мәлімдеді. Осы мәселе кеше Мәскеуде де талқыланды. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Лосюков екі корей мемлекетінің өкілдерімен кездесті. Александр Лосюков мәселенің тұйықтан шығар жолын көрмей тұрмын деп кездесуден соң сипаттама айтты. Солтүстік Корея Америка Құрама Штаттарынан қауіпсіздік кепілін сұрап отыр. Тамыз айының соңында Солтүстік Кореяның мәселесі арнайы конференцияда қаралмақ.
XS
SM
MD
LG