Пәкістанның Карачи қаласының портына жақын жерде апатқа тап болған танкер кемесі кеше кешкісін екіге бөлініп сынды, шамамен 12 мың тонна мұнай теңізге құйылды. Көлік министрлігі танкерде әлі 34 мың тонна мұнай қалғанын айтады, бірақ мұнайдың төгілуіне шара болмай тұр делінді.
Кеме апаты порттың күнделікті жұмысына кедергі жасаған жоқ деп ресми сипатталды. Дегенмен, күә адамдар мұнай апаты теңіз жануарларына қазірдің өзінде өлім әкеліп отыр дейді. Жағалауға соққан толқындарда өлі балық пен құс көрініп жатыр, дейді "Дойче пресс" және "Рейтерс" агенттіктері.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады