ПРИШТИНА: Косовода ұлтаралық қақтығыстар тоқтайтын емес. Приштина қаласының маңайындағы бірыңғай сербтер қоныстанған Грачаница елді-мекенінде сербтер 5 албандықты аяусыз таяққа жықты. Оларды ұрып-соғуға 30-ға жуық серб қатысты. Өткен аптада Косовоның батысында өзенде шомылып жүрген сербтерді белгісіз біреу тасадан атқылап, оның нәтижесінде 2 жасөспырым серб мерт болып, 4-еуі жараланды. Өткен түнде Косовска Митровице қалашығында албандар орналасқан үйде қопарғыш іске қосылып, жарылыс болды. Косовска Митровице қалашығы - бірыңғай албандар мен бірыңғай сербтер қоныстанған екі бөлікке бөлінген.