Онда таяуда болған төтенше ыстық ауа-райының тигізген зардаптары сөз болды. Ол жөніндегі есептерді елдің денсаулық сақтау, ішкі істер, ауылшаруашылық, және өнеркәсіп министрлері жасады. Францияда болған аптап ыстық елдің мұндай деңгейдегі табиғат апатына дайын емес екенін көрсетті. Өлген кісілерді жерлеу қызметінің мәліметтері бойынша, биылғы тамыздың үш аптасында болған ыстықтан өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 10 мың адамға көп өлген. Ауылшаруашылық саласына да үлкен шығын келді. Орманды алқаптардың жүздеген гектары өртке оранды.