Accessibility links

Кеше Израиль тікұшағы Газа қаласын тағы да атқылады.


Иерусалем. Кеше Израиль тікұшағы Газа қаласының көшесіндегі бір аутокөлікті соқты. Соққыдан бір Хамаз жауынгері опат болды. Көшеде кетіп бара жатқан 20 кісі жарақаттанды. Израиль қорғаныс министрі Шаул Мофаз өткен айда Иерусалемдегі аутобусты қопару біздің іс-әрекетімізді өзгертті, Израиль әскері Газа секторында Хамаз қарулы тобымен соғысуға әзір деп мәлімдеді. Шаул Мофаз Израиль бейбітшілікке кедергі Палестина президенті Ясер Арафатты елден шығарып жіберуге тиіс деді. Бүгіндері билікке таласу үстіндегі Палестина ел басы Ясер Арафатпен Палестина үкімет басы Махмуд Аббасты палестин зиялылары осы апта аяғында өткелі отырған парламенттік сайлау алдында билікке таласуды тоқтатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG