Бұл туралы осыған орай сәрсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарланды. Жоба менеджері Диана Халидованың айтуынша, бұл көрме Қазақстанда жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің дамуына, ондағы отандық өнім өндірушілер үлесінің артуына, шетелдік компаниялармен іскерлік қарым-қатынастардың тереңдеуіне, сондай-ақ өндіруші мен тұтынушы арасындағы байланыстың қалыптасуына көмегін тигізбек.
Көрмеге Италия, Латвия, Корея, Норвегия, Финляндия, Түркия және тағы да басқа мемлекеттерден 40-тан астам компаниялар қатысып, Қазақстан мен ТМД елдерінен және алыс шетелдерден 10 мыңнан астам көрмені тамашалауға арнайы келушілер болады деп күтілуде.
Диана Халидованың пікірінше, халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, мұндай көрмелер отандық және шетелдік өнім өндірушілер үшін екіжақты тиімді келісім-шарттар жасауға, технология және кәсіби ұйымдастыру саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
ҚР- ның Индустрия және сауда министрлігі, Алматы әкімшілігі, Қырғызстан Республикасы тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарының Одағы мен Қазақстан жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы ресми қолдау көрсеткен “Сән - Қазақстан 2003” көрмесінің ұйымдастырушылары- халықаралық ITE GROUP PLC және оның аймақтық серіктесі-қазақстандық “Iteca” компаниялары.