Олардың бірқатары депутаттардың бастамашылық етуімен дайындалған.
Депутаттар назарын аударған құжат Бюджет кодексінің жобасы болды.
Заң жобасы бойынша баяндаған экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Наталья Коржованың айтуынша, аталған құжат бюджет процесін дамытуға бағытталған. Орташа мерзімге бюджеттік жоспарлау, бюджеттің орындалу барысын жинақтау, бюджетаралық қатынастар мен қаржыны жұмсауды бақылау жүйесін күшейту мәселелері қамтылып, басқару деңгейлері арасындағы қызметі өкілеттігі айқындалған.
Бюджет кодексінің жобасы дайындалғанда дамыған еуропалық елдердің және тәуелсіз мемелекеттер достастығы аясындағы мемлекеттердің тәжірибесі зерттелген.
Аталған құжатта бюджетті жоспарлау, орындау, мемлекетік инвестиция, несиелеу, бюджеттің орындалуына бақылау мәселелеріне жеке тарау арналған. Наталья Коржова, кодекс жобасын талқылау кезінде қаржының тиімді жұмсалуына байланысты мәселеге мейлінше назар аударуды сұрады.