Accessibility links

“Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы” заң жобасы өндіріске қабылданды


Қыркүйектің 10-ы күні өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отрысында “Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы” заң жобасын өндіріске қабылдау мәселесі депутаттардың екі түрлі пікірін туғызды.

Депутат Серік Әлібаев, заң жобасын өндіріске қабылдауға бірден қарсылық білдірді.

Оның айтуынша, Үкіметтің саясатын түсінбей, ұрланған мүлікті тағы да заңға келтіруге депутаттардың құқығы жоқ. Сондықтанда заң жобасын қайтару қажеттілігін айтты.

Жалпы отырысқа төрағалық еткен Мәжіліс төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев, депутаттарға заң жобасын өндіріске қабылдау тиістілігін түсіндірді.

Депутат Ғани Қалиев болса, қандай заң қабылдап отырғанымызды білу үшін заң жобасының авторлары оның қажеттілігін түсндіруі керектігін айтты.

Ал, депутат Асқар Қабанбаев, комитетте аталған заң жобасы талқыланғанға дейін Үкіметтен келіп, құжаттың мән-жайын түсіндірсін деген ұсыныс айтты.

Заң жобасына қарсылық білдірген депутаттың бірі Серік Әбдрахманов, оны келесі жылы сайланатын Мәжілістің жаңа құрамына қарауға қалдыру туралы ойын қосты.

Заң жобасы үлкен пікірталас туғызғанмен өндіріске қабылданды.
XS
SM
MD
LG