Accessibility links

Терроршылдықтың неден шығатыны туралы пікірлер әр алуан


Америкадағы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін әлем ғалымдары терроршылдықтың тамырын іздеуге кірісті. Біраз ғалымдар терроршылдық тамыры Таяу Шығыста жатыр деді. Алайда, бұ мәселеде толық бірізділік жоқ.

Америкадағы 11 қыркүйек оқиғасы орын алғалы бері терроршылдықтың тууына не себеп деген сұраққа жалғыз жауап табылмай отыр. Нью –Йоркпен Вашингтонға шабуыл болғаннан кейін ҚШ терроршылдыққа қарсы соғыс жариялады. Оның тамырына балта шабатынын жариялады деп жазады радиомыздың талдаушысы Марк Бейкер. Бірақ, егер терроршылдықтың негізгі себебі жойылмаса онда сен өлтірген бір терроршының орнына екі терроршы пайда болуы мүмкін. Белгілі бір терроршыл топқа қарсы күресте сен жеңіске жетуің мүмкін. Алайда, терроршылдық тамыры қайда жатқанын білмесең, онда сенің әлгі жеңісің баянды болмақ емес. Праганың Карл Университетінің маманы Итка Малехова Таяу Шығыс жөніндегі маман. Оның ойынша да 11 қыркүйек оқиғасы ғалымдардың терроршылдықтың шығу тегін білуге деген ынтасын тудырды. Алайда, бұл мәселеде әлі бірізділік жоқ дейді Малехова:

"Бұ мәселеде бірізділік бар деп ойламаймын. Ослада өткен "Терроршылдық тамыры" атты үлкен конференцияға қатыстым. Сол конференция тұсында конференцияның аты өзгертілді. Өйткені терроршылдық тамыры жәйлі әңгіме қозғауға біз дайын болмай шықтық", - дейді Малехова.

Кейбір ғалымдар терроршылдық тамыры экономикалық теңсіздікте жатыр деп біледі. Бай елдер мен кедей елдер арасындағы алшақтықтың барған сайын ұлғая түсуі үмітсіздікті тудырады. Үмітсіздік болса террорды тудырады дейді.

"Терроршылдықтың жоқшлыққа қатысы бар деген жалпы түсінік бар. Бұндай түсінік ғалымдар арасында да, журналистер арасында да, саясатшылар арасында да кең ете алған. Алайда, бұл түсінікті негіздеген зерттеулер жоқтың қасы", - дейді Малехова.

Малехованың ойынша егер терроршылдықта тамыр болатын болса онда ол тамырдың нәр алар топырағы саясат.

"Өз басым әлі де себебін іздеу жөн деп білемін. Мен де, менің әріптестерім де себебі экономикада емес, саясатта жатыр деп білеміз", - дейді Прагадағы Карл университетінің маманы Малехова.

Сол тәрізді ҚШ әкімшілігі де кедейлікті терроршылдықтың негізгі себебі деп білмейді. Бұ жәйлі өткен жылы Азат Еуропа және Азпаттық радиосына берген интервьюінде президент Буш та айтып өткені есте:

"Кедейлік кісіөлтіргіштерді тудырмайды. Бұл маңызды ерекшелік. Кейбір әлемдік терроршылдар ақшаға бай. Бірақ, олардың рухы кедей екені анық", - деді Джордж Буш.

Нью-Йоркпен Вашингтонды ұшақпен соққандар да ақшаға кедей жандар емес еді. Олар Сауд Аравиясы мен Таяу Шығыстан орташа таптан шыққандар. Құрама Штаттарындағы Джордж Вашингтон университетінің профессоры Дина Хоури ислам әлемінде барған сайын етек алған кедейлік үкіметтердің, әлеуметтік салалардың күйреуіне әкеліп соғып отыр. Бұл жағдаят мәдени –ағарту саласында бос кеңістік тудырды. Ол бос кеңісті ислам ұйымдары өз қалауынша толтырып жатыр дейді:

"Үкіметтер әлеуметтік, оқу-ағарту саласын бетіне жібергеннен кейін оның орнын ислам ұйымдары иеленіп жас ұрпақ бойында демократиялық құндылықтарға қарсы көз-қарасты қалыптастырып жатыр", - дейді Дина Хоури.

Демек, бұл жас ұрпақ көз қарасы үшін шайқас жүріп жатыр деген сөз. Ол шайқас нәтижесі қандай болғанын мынадан көруге болады. Америкадағы халық пікірін зерттеу орталығының биыл жария еткен деректеріне қарасақ ҚШ-дың соңғы жылдары өз беделін көтеруге қыруар күш салуына қарамастан ислам елдеріндегі Америка беделі мейлінше құлдырап кеткен.
XS
SM
MD
LG