Пауелл мұнда Бағдадқа барардан бұрын Кувейт басшыларымен келіссөздер өткізетін болады.
Сенбі күні Пауелл БҰҰ-ы Қауіпсіздік кеңесінің вето құқығына ие басқа да төрт мүше мемлекеттері Франция, Ұлыбритания,Ресей және Қытайдың сыртқы істер министрлерімен кездесулер өткізген болатын.
Женевадағы кездесу БҰҰ-ның Ирақ туралы жаңа шешімі жөніндегі келісіммен аятала алмайтын еді, дегенмен де оған қатысқан Бас хатшы Кофи Аннан да, Пауелл де бес елдің де өкілдері Ирақтағы биліктің неғұрлым тезірек Ирақ адамарының өзіне берілуі қажеттігімен келісті деген.
- Біздің бәріміз де БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан айтқан сияқты Ирақ билігін оның өз адамдарына олардың тағдыры үшін, олардың болашағы үшін жылдамырақ беру керектігін білеміз, бірақ оны жауапкершілікпен атқаруымыз керек, - деп атап көрсеткен ол.
Ирақта АҚШ қарулы күштері жұма күні Фаллужада американдық жасақтар Ирақтың 8 полицейін өлтірген қарулы қақтығыс үшін кешірім сұраған. Әскерилер бұны кездейсоқ болған оқиға деп отыр.