Accessibility links

Қазақстандағы маслихат сайлауы науқаны басталған сәттен бері түрлі деңгейдегі маслихат сайлауына түсуден өз ықтиярымен 499 үміткер бас тартқан,тағы 4 үміткер жергілікті сайлау комиссияларының шешімімен аластатылған.


АСТАНА: Қазақстанда маслихат сайлауы жақындап келеді. ҚР-сының Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері негізінде Қазақстан тудэй агенттігі хабарлағандай, сайлау науқаны басталған сәттен бері түрлі деңгейдегі маслихат сайлауына түсуден өз ықтиярымен 499 үміткер бас тартқан,тағы 4 үміткер жергілікті сайлау комиссияларының шешімімен аластатылған. Сот пен сайлау комиссияларының шешімдері бойынша 18 үміткер қайта тіркелген. Қазақстандағы маслихат сайлауға 5 күн қалғанда облыстық маслихаттарға 1651, аудандық маслихаттарға 3488 және қалалық маслихаттарға – 1931 үміткер, бас-аяғы 7070 үміткер тіркелген. Сайлау қыркүйектің 20-сында болады.
XS
SM
MD
LG