Әзірбайжанда 15 қазанда президенттік сайлау өтуге тиіс. Додаға 80-жасар президент Ғейдар Әлиев денсаулығының қатты сыр бергеніне қарамастан түсіп отыр. Ғейдар Әлиев қазір Америка Құрама Штаттарында емделіп жатыр. Ғейдар Әлиевтың ұлы Ильхам да бас министр атанып, сайлауға түсіп отыр.
Европа кеңесінің бақылаушылары Әзірбайжандағы сайлау барысымен танысып, науқан демократиялық қалыпқа сай емес екенін анықтады. Европа кеңесінің мамандары Әзірбайжанда баспасөз құралдары үкіметке тәуелді екенін, оппозициялық тұлғалар езгіге салынып отырғанын хаттады.
Европа кеңесінің бақылаушылары Әзірбайжандағы сайлау демократиялық қалыпқа сай емес екенін анықтады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады