Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Ирақ жөнінде жаңа қаулының жобасын қызу талқылап жатыр


Жобаны Америка Құрама Штаттары ұсынды. Ирақта Біріккен Ұлттар Ұйымының орны басым, бірақ шешуші болмасын дейді ресми Вашингтон. Ирақтағы бірқатар қауіпсіздік шаралары халықаралық жасаққа тапсырылмақ. Жоба әр түрлі пікір тұғызды. АҚШ тағайындаған Ирақ әкімшілігі Америка Құрама Штаттарының Ирақтан неғұрлым тезірек кеткені жөн дейді. Ирақтағы жойқын қару жөнінде айтар болсақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы қару комиссиясының бастығы Ханс Бликс Австралия ақпарат компаниясына берген сұхбатында ол енді табыла қоймайтын шығар деп пікір айтты. - Уақыт өткен сайын бірдеңе табыла қояды деп ойламаймын. АҚШ бастаған одақтастар ары кетсе кейбір құжаттарды табуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG