Жұма күні Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары тағы бір мерзімді басылыммен толықты. Себебі 1997 жылы алғашқы нөмірі жарыққа шығып нарық тың қыспағынан жабылып қалған «Алматы art» деп аталатын Қазақстанның өнері мен мәдениетіне арналған орыс тіліндегі журнал араға алты жыл уақыт салып қайта өз оқырмандарымен қауышты. Бұл туралы қыркүйектің 19-ында «Алматы art» журналын жарыққа шығарушылар ақпарат таратты.
«Алматы art» журналы негізінен өнер, мәдениет саласында еңбек етіп жүрген зерттеуші-ғалымдардың ғылыми еңбектерін оқырманға таныстыру, қазақ халқының мәдени құндылықтарын жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында жарыққа шығарып отырмыз дейді журналдың бас редакторы Земфира Ержан ханым. Мәдениет пен өнердің кино, таетр, қолданбалы өнер, архитектура, әдебиеттану, кітап әлемі, салаларының жетістіктері мен күрделі проблемасын әрдайым назарда ұстап, тұрақты айдарларымен мақалалар беріп тұрамыз дейді бас редактор.
«Алматы art» журналының әлі-ақ мәдениет пен өнер саласы мамандарының өз ойларын айтатын мінберіне айналатына сенімдіміз дейді журнал шығарушылар.