Accessibility links

Ертең Парламент ғимаратында “Қазақстан республикасындағы кәсіпкерлік проблемалары” атты тақырыпта дөңгелек стөл өтпекші.


Бұл жөнінде Казахстан тудей ақпарат агенттігі хабарлап отыр. “Қазақстандағы жеке кәсіпкерлікпен айналысу проблемалары және оның заңдық қамтамасыз етілуін жақсарту жолдары” атты баяндаманы Өнеркәсіп және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков жасайтын болады. Сондай-ақ аталған басқосуда Бас прокуратура және Қаржы министрлігінің өкілдері сөз сөйлемекші. Дөңгелек стөл сұхбатына Сенат депутаттары қатыспақшы.
XS
SM
MD
LG