Ең бастысы, адам шығыны жоқ, үйлер қираудан аман. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда тіркелген. Ол жердегі дүмпу күші 7 балға дейін жеткен. Осы жер сілкінісінің 3-4 балл шамасындағы тербелістері Ресей Федерациясының Сібір аймағында байқалған. Өскемендегі төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың мәліметіне қарағанда, Шығыс Қазақстан тұрғындарына радио арқылы сақтану, демек жер сілкінісінің қайталануына дайын болу ескертілген.