Accessibility links

ЦРУ агентінің атын жариялады деп демократтар Ақ Үй ресми тұлғасын айыптады.


Вашингтон. Оппозициялық демократтар Ақ Үйдің саяси стратегі Карл Роув ЦРУ агентінің атын жария етіп заң бұзды деп оны жауапқа тартуды талап етіп отыр. Және бұл істі тәелсіз тергеушілер зерттесін деп отыр. ЦРУ тапсырмасымен ҚШ-дың бұрынғы елшісі Джосеф Вилсон өткен жылы Нигерге барып келген еді. Мақсаты Ирақтың бұл елден уран сатып алғанын анықтау еді. Бірақ, ол еш дәлел таба алмады. Оның аты-жөнін жария еткен Ақ Үй ресми тұлғасы туралы Демократ сенатор Чарлз Шумер:

"Осы оқиғаны жариялап жіберген әкімшілік қызметкерлері қатал түрде жауапқа тартылсын" дейді. ҚШ федералдық заңы бойынша ҚШ агенттерінің атын жария еткендер 10 жыл абақтыға отырғызылуға тиіс.
XS
SM
MD
LG