Евродақтың Италия, Франция, Германия сияқты ірі мемлекеттері Конститутцияның осы жылдың бас кезінде келісілген жобасын көбірек мақұлдайды. Алайда блоктағы шағын елдер, негізінен олардың көпшілігі алдағы жылы Одақ қатарына қабылданатын бұрынғы Коммунистік елдер, Одақтағы ірі мемлекеттерге көбірек өкілеттіктер берілуіне қарсылық білдіруде. Европа одағы Парламентінің президенті Пәт Кок делегаттарды қазіргі жобаны болашақ Конститутцияның негізі ретінде қарастыруға шақырған.
- Біз бүгін мемлекеттер басшыларына бұл мүмкіндікті бұзуға емес, бір түсіністікке келуге жұмсауға, баланстарды шиеленістірмей, Конститутция жобасын дайындаған келісім тобының жұмысын жетілдіруге, қол жеткен келісімдерден кері шегіністерді мүмкіндігінше азайтуға шақырамыз. Келсіпеушілік көбейген сайын, қиындық та арта түседі, - деген Пәт Кок.
Рим полициясы кездесу сыртында ғаламдастыруға қарсылық білдірушілердің шерулерін басу үшін көзден жас ағызатын газ бен темір таяқтар қолдануға мәжбүр болған.