Мәскеу. Ресейдің Волга бойындағы қаласы Толияттиде шығатын Толиятти обозреватель газетінің бас редакторы Алексей Сидоров өткен түні өз үйі алдында пышақталып өлтірілді. Қаладағы ең көп оқылатын бұл газет қаладағы ұйымдасқан қылмысты ашық жазуымен оқырман ықыласына бөленген болатын. Газеттің Сидоровтан бұрынғы редакторы да екі жыл бұрын қастандықпен өлтірілген еді деп хабарлайды Мәскеуден ФП.