Accessibility links

Израиль әскері 40 танкімен сенбі күні кешкісін Газа секторынан шықты.


Израиль әскерлері екінші күн Палестинаның босқындар лагерінде әскери операцияларын жүргізіп, сенбі күні кешкісін Газа секторынан шықты. Бірақ, олар мұндай операцияларын жер асты жолдар арқылы Мысырдан палестиндік жауынгерлерге заңсыз қару жеткізудің тоқтамайынша, жалғастыра беретіндіктерін айтқан. Жалпы жұмадан бері Рафах босқындар лагерінде тоғыз палестиндік қаза болған. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Израиль әскерлерінің осы әрекетін сынап, оның салдарынан бейбіт тұрғындар қаза болды деп мәлімдеген. Палестинаның әзірге құзыреті жоқ министрі Саеб Ерекат сенбі күні Израилды былай деп айыптаған еді. - Біз Израилдің Рафах босқындар лагеріне басып кіріп, 8 палестиндікті өлтіріп, 77 сін жаралап, оншақты үйді талқандағанын қатты айыптаймыз. Біз мұны айқын қылмыс деп есептейміз, мен білмеймін, бұл операциялар Израиль армиясының Газа секторын жаңадан басып алуының басы болып отыр ма?, - дейді Саеб Ерекат. Израиль үкіметі Газа секторындағы өз әскерінің әрекетін, осындағы қару жасырған туннелдерді қирату мақсатымен түсіндірді. Израиль радиосының хабарлауынша, израилдік әскерлер екі туннелді тауып талқандаған, бірақ онда жасырылды деген қару жарақ табылмады. Енді олар Израилдің бақылауындағы Мысырмен шекаралас аймаққа беттеді.
XS
SM
MD
LG