АҚТАУ: “Ақтаудың Халықаралық Теңіз Сауда Порты” Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы теңіз мектебінің 5-8 сынып оқушыларының салтанатты тұсау кесері болып өтті. Қазақстан тудэй агенттігінің хабарлауынша, болашақ теңізшілер туғанын елін кіршіксіз сүюге, халық берекесін қорғауға және теңіз бауырластығына адал болуға ант берді. Мемлекеттік әнұранның астында әскери теңізшілер жас үзеңгілестерінің мойындарына теңіз түсті галстук байлады. “Ақтаудың Халықаралық Теңіз Сауда Порты” басшылығы болашақ теңізшілердің тұсау кесер рәсімін салтанатты дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.