Accessibility links

Дәриға Назарбаеваның бұқаралық істері басталды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дәриға Назарбаева жаңадан ашқан "Асар" қоғамдық бірлестігінің Қарағандыдағы мүшелері бүгін тал отырғызды, деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі. Қазақстан тәуелсіздігінің 10-жылдығы атындағы саябақта жүз түп ақ қайын отырғызылды. Студенттер мен мектеп оқушылары шараға кеңінен қатыстыралды. Шара Дәриға Назарбаева жариялаған "Шағын игі істер" бағдарламасының шеңберіндегі алғашқысы, дейді "Қазақпарат" агенттігі. Бір қатар елді мекенде осылайша көкалдандыру істері атқарылмақ.
XS
SM
MD
LG