Бұл рәсім Ресеймен шегаралас қала Гудерместе, қатаң қауіпсіздік шаралары жағдайында өтті.
- Шешенстанның жаңадан сайланған президенті ретінде мен Шешенстан Ата заңымен жұмыс істеуге, адам құқықтары және еркіндік заңдарын, сондай-ақ көп ұлтты шешенстандықтардың құқықтарын қорғауға ант беремін - деді Ахмад Қадыров.
Мәскеу тағайындаған Қадыров, саяси бәсекелестері Кремль қалауымен өз кандидатураларын алғаннан соң, қазанның 5інде өткен сайлауда үлкен күрессіз-ақ жеңіске жеткен болатын.