Accessibility links

Инвестициялар туралы семинар өтеді


«Қазақстан аймақтарына инвестиция тарту және Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасы Заңын қолдану тәжірибесі деген тақырыпта семинар өтеді»

Сейсенбі 21 қазан күні Алматы қалалық әкімшілігі мен Қазинвест ЖАҚ-ның ұйымдастыруымен «Қазақстан аймақтарына инвестиция тарту және Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасы Заңын қолдану тәжірибесі» деген тақырыпта семинар өтеді. Бұл туралы Қазинвест ЖАҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Семинар жұмысына жергілікті атқарушы билік органдары мен республиканың банктік секторының және Қазақстандық компаниялар өкілдері қатысады.

Аталған семинардың мақсаты - 2003 жылдың қаңтарында қабылданған Инвестициялар туралы ҚР Заңының негізгі ережелерімен және инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсету шараларымен таныстыру болып табылады. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы инвестициялық заңды реттейтін екі заң әрекет етіп келді. Бұлар шет елдік инвестициялардың құқықтық режимін айқындаған, 1994 жылғы шет елдік инвестициялар туралы Заң және инвесторлар үшін Қазақстан экономикасының басымдықты секторларындағы құқықтық шектерді, жеңілдіктер мен мүмкіндіктерді белгілеген 1997 жылғы тікелей инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсету туралы Заң. Жаңа Заңға сәйкес инвесторларға мемелекеттік қолдау көрсету – атап айтқанда салықтық және кедендік жеңілдіктер мен гранттар беру болып табылады.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда семинар аясында Қазинвест мамандары өткізетін тренингтер кезінде кәсіпкерлер жаңа Заңның негізгі ережелерімен және инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсету шараларын беру жағдайларымен танысады, кәсіпорындардың басшыларына өз инвестициялық жобаларын ілгерілетудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу мүмкіндігі ұсынылатын болады.
XS
SM
MD
LG