Accessibility links

Азия-тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығының саммиті бүгін терроризмді ауыздықтау мен Корей түбегін ядролық қарудан бас тартуға көндіру мәселесімен түйінделді.


Тайланд премьер министрі Таксин Шиноатра бұл жоғары деңгейдегі кездесуді қорытындылай келе айтқанында, ұйымға мүше 21 ел терроризмнің өріс алуы мен жаппай қырып-жою қаруы өз елдерінде де өзекті мәселе болып отырғанын мақұлдап отыр деген. Халықаралық терроризм мен жаппай қыратын қару түрін тарату біздің еркін, ашық әрі өркендеген экономикамызға қатты әсерін беріп отыр. Сондықтан, біз өз халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл мәселені қосымша қарауымыз керек. - деген Тайланд премьер министрі. Сондай-ақ, Таксин Шиноатра бұл бағытта БҰҰ, басқа да халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс істейтінін айтқан.
XS
SM
MD
LG