Мемлекеттiк квотаға сәйкес, 2003 жылы 5 мың отбасын Қазақстанға көшiрiп әкелу көзделген. Оларға баспана сатып әперуге 3 миллиард 752 миллион теңге есептелген болатын. Алайда, биылғы бюджетте осы мақсатқа небәрi 2 миллиард 414 миллион теңге қарастырылып отыр. «Бұл дегенiмiз-5 мың отбасының тек 3 мың 250 отбасына ғана үй сатып әперуге мүмкiндiк бар деген сөз. Ал оралман алдындағы осы мiндеттiң өзi қалай орындалды дегенге келсек, 2003 жылдың 9 айында 370 миллион 60 мың теңгеге 645 баспана сатып алынған. Бұл бөлiнген қаржының 15 пайызын ғана құрайды»,-- дейдi Уәлихан Қалижан. Сөз арасында Атырау , Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстары және Астана қаласы бойынша тұрғын-жай сатып алу үшiн өткiзiлетiн тендерлердiң өтпей қалғанын айтып өттi.
Ал 2001 жылдың шiлде айында Астанаға Өзбекстаннан қоныс аударған Досовтар отбасы қалалық көшi - қон басқармасын сотқа берiп отыр.
Мәселенiң мән-жайына келсек, Әбдiбек Досовтың отбасы мемлекеттiк квотаға кiргiзудi өтiнген арызын 2001 жылы Қазақстанның Өзбекстандағы консулдық қызметiне тапсырған. «Ондағылар Қазақстанда қарайласатын туыстарыңыз болса, алдын ала бара берулерiңiзге болады, квота мәселесi сол жаққа барған соң шешiледi деп шығарып салды»,-дейдi Әбдiбектiң жары Алтыншаш Досова.
Ал Астана қалалық көшi-қон басқармасының бас маманы Нұргүл Қайроллақызының айтуынша, Көшi-қон және демография жөнiндегi республикалық агенттiк квота мәселесiмен айналысатын комиссияғаға миграциялық тасқынның сапалық деңгейiне көңiл бөлудi мiндеттеген. Осыған орай, аталған комиссия зиялы қауым өкiлдерiне, мамандығы бар, жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоғары оралмандарға басымдық беруге тиiс болған. Сондықтан Досов сияқты қарапайым отбасылар ерте келсе де, квота кезегiнен сырт қалуда. Оралман мәртебесi жоқтардың жұмысқа орналдасуы да қиын. Екi жарым жылға жуық кәмелетке жетпеген екi баласымен әркiмнiң бұрышын бiр паналап, жұмыссыз жүрген Әбдiбек пен Алтыншаш Досовтардың шағымы қазанның 30-ы күнi Сарыарқа аудандық сотында бесiншi рет қаралғалы отыр.