Европа парламенті Қазақстан билігіне қайрылып, түрмеде отырған "Қазақстаннаың демократиялық таңдауы" қозғалысы жетекшілерінің бірі- Ғалымжан Жақияновты, тәуелсіз журналист Сергей Дувановты бостандыққа шығаруға шақырды. Бұл жөнінде Европарламенттің бейсенбіде қабылдаған Түркменстан мен Орта Азия елдеріндегі адам хұқтарының ахуалына арналған қарарында айтылған. Аталған қарарда Түркменстандағы соңғы бір жыл ішінде абақтыларға жабылған саясаткерлердің тағдырына алаңдаған Европарламнет Түрікмен билігін халықаралық заңдарды құрметтеп, түрмелердегі азаптау мен қинау, ұрып-соғу әрекеттерін тоқтатып, хұқық қорғау ұйымдары "ар-ождан тұтқындары" деп атаған адамдарды еркіндікке жіберуге үндеген. Сондай-ақ қарарда Қырғыз оппозициясының жетекшісі Феликс Куловты, Өзбекстандағы оппозиция белсендісі Мұхаммед Бекжановты да түрмеден шығару жөнінде айтылады.
Резолюцияда мұнымен қатар Европарламент Европа одағы елдерінің министрлер кеңесі мен халықралық ұйымдарға қайрылып, Орта Азия елдерімен байланыстарының бірыңғай стратегиясын дамытып, нәтижелілігін арттыру қажет деген ұсыныс жасаған.