Accessibility links

Мадридде Ираққа жәрдем беруші елдер конференциясы өтіп батыр.


Мадрид. Бүгін екінші күн Ираққа жәрдем беруші әлемнің 60 елі өкілдерінің Мадрид конференциясы өтіп жатыр. Жәрдем беруші елдер бүгін Ирақты қалыпқа келтіруге қанша қаражат бөлетіндіктерін жарияламақ. Әлем Банктың мәлімдеуінше Ирақты қалыпқа келтіруге алдағы 4 жыл ішінде 36 миллард доллар қажет. Оның 20 миллиардын АҚШ беретінін болды. Мадрид конференциясын ашарда сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан жәрдем беруші елдерді Ираққа молырақ қаржы беруге шақырды. Бейсенбі күні кешкісін Конференция сыртында 2-3 мың кісілік шеру Ирақ проблемасынан көпұлтты компаниялар өз мүддесі үшін пайдаланбақ деп қарсылық акциясын өткізді.
XS
SM
MD
LG