Халықаралық Қызыл крест өкілеттігі маңында жанпидашы-терроршы "жедел көмек" мәшинесін жарды. Болған жағдай жөнінде АҚШ армиясының бригада генералы Марк Нертингтің айтуынша: "Тасымалдаушы көлікке салынған жарылғыш зат Халықаралық Қызыл крест пен Жарты ай ғимаратына әкелінбек болды. Бірақ Ирақ қаупсіздік сақтау күштері мен сақшылар оған жол бермеді. Жанпидашы-терроршы бұған әрекеттенудің керек еместігін түсініп, бомбаны ғимараттан алысырақ жарды".
Қаланың басқада аймақтарында мәшинелер жарылды. Олардың екеуі сақшылар мекемесі маңында жарылды. Кеше американдықтар тұратын Бағдад қонақ үйі зымрандардан атқыланды. Бір АҚШ әскері мерт болып 15 кісі жараланды. Қонақ үйде болған АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Пол Вулфовец запа шеккен жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады