Accessibility links

Сүннит және шиит партиялары Ирактың болашағына байланысты бір- біріне қарама-қайшы көзқараста.


Ирактық сүннитер мен шииттердің саяси ұйымдарының елде болып жатқан жағдайға көзқарастары бір -біріне қарама-қайшы. Олар Ирактың өткеніне немесе болашағына және елдегі суниттер мен шиитердің саны бойынша бір пікірге келе алмауда.

Ирақтағы ислам дінінің екі тармағын біріктіретін жәйттар шамалы. Ирақтың Ислам партиясы 1960-шы жылы құрылған, ол негізгі сунниттердің саяси партиясы болып табылады, оның өкілі Мохсен Әбді Хамитті АҚШ Ирақтың басқару кеңесінің қатарына алды.

Саддам Хусейін режимі кезінде партия қуғын-сүргінге ұшырады. Оның көптеген мүшелері шет елдерге кетуге мәжбүр болды. Саддам билігі құлатылғанан соң партия белсенділері Ираққа оралды. Аталмыш партияның саяси комитетінің мүшесі Фуат әл Рауидың Азаттыққа айтуынша:

"Сунниттер Ирақты 1921-ші жылдан 2003-ші жылға шейін билеп келді және олар оны табысты басқарды. Олардың зиялылары, діни ғұламалары, саяси қайраткерлері бар және олар таңдаулы адамдарға ие. Олардың, сондай-ақ, саяси түсінігі бар және олар бұл елді басқаруға қабілеті жетерлік."

Оның айтуынша, көпшілік айтып жүрген сунниттер Ирақта азшылық емес. Әл Рауи өз пікірін растайтын нақты есеп- қисапқа тоқталған жоқ. Әл Рауи Ирақта басты қарсылық танытушылар суниттер деген түсінікті де, теріске шығаруда.

"Сунниттер тұратын үшбұрыштағы шабуылдар нақты емес. Бұл БАҚ-ның көзқарасы. Шабуылдар Басрада, Кербелде, Наджафта, Амарада және басқа да жерлерде жасалуда. Олар Мосулда және о Диалада болып тұрады."

Әбді Жаппар Менхал Шайқы Бағдатта орналасқан Шииттердің қуатты Әл Хауза Әл Илмия қозғалысының өкілі. Бұл Нәджафта орналасқан Әли әл Систаниға бағынатын әлем шииттері тағзым ететін ұйымның бөлігі. Менхал Шайқы Ирақтың өткені мен болашағына мүлде басқа көзқарасты ұстанады. Оның айтуынша,

"Бәлки кейбір сунниттер шиит аймақтарына келіп одақтастар күштеріне қарсылық танытып осы арқылы шиитерде одақтастар күштеріне соғысып жүр деген ой тудырмақ. АҚШ әскерлеріне негізінен сунниттер қоныстанған Тикрит, Рамади және Фалужа аймақтарында қарсылық күшті, өйткені бұрынғы режимнің жоғарғы лауазымды ұлықтары сол өңірлердің тумалары. Бұл адамдар Ирақ халқының мүддесі үшін күресіп жүрген жоқ. Олар өз жағдайларын күйтеп жүр, өйткені Саддам Хусейінмен олардың болашағы көміліп жатыр,"-дейді Менхал Шайқы.

Оның айтуынша, Саддам Тикрит маңындағы шағын қыстақтың тумасы, ол билікке адамдарды сапасына қарап емес, санасына қарап тек өз руластары мен жерлестерін тағайындаумен ерекшеленді.

Ол Әл Рамидың сунниттер Ирақ халқының көпшілігін құрайды дегенімен мүлде келіспейтіндігін білдіреді. "Шииттер ирақтықтардың 60 пайызын құрайды, әрі Ирақты басқаруға қажетті барлық мүмкіндіктері бар", - дейді Менхал Шайқы.

- Бізде ойшылдарға, елді басқарушыларға иеміз, бұл сунниттердің не шииттердің мәселесі емес. Бұл әділеттің мәселесі. Біз әділеттке сенеміз, біз Ирақты әділ жолмен басқарушы көсемнің артынан еріп келеміз, ол Саддам Хусейін секілді елдің байлығын миллиондаған адамдарды құр қыруға жұмсамайды.

Менхалдың айтуынша, әділет деп ол, барлық бұхараны айтады және шииттерге лайықты орын берілуі керек. Егер демократиялық жолмен таңдалса онда шииттер елді қатырып басқарады.

Бірақ шииттер тіпті өздерінің алып отырған үлесіне қарамастан, Ирақтың Басқару кеңесінде де лайықты түрде орын алып отырған жоқ, - дейді ол.
XS
SM
MD
LG