Accessibility links

БҰҰ-ның Халықаралық атом агенттігінің басшысы Иранның соңғы қадамдарын оң бағалады.


Ол Иран келесі аптада атом агенттігіне өзінің ядролық орындарын қарауға мүмкіндік беретін жане даулы болып тұрған уранды байыту бағдарламасын тоқтататындығын жариялайтын екі хат тапсыратын болды деп мәлімдеген. Мохаммед Ел-Барадей бұны кеше Венада Иранның ұлттық қауіпсіздік басшысы Хассан Роуанимен кездесуден соң айтқан. Ел-Барадей бұл екеуін де құптарлық оң қадамдар деп бағалады. АҚШ-ы Иран мемлекетін ядролық қаруды құпия жағдайда дамытып отыр деп айыптайды. Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басшысы бұл тұрғыдағы хабарламаны қарашаның 20-да жасайтын болады. Агенттік Иран Халықаралық ядролық қару таратпау жөніндегі келісім шарттарын орындамай отыр деп шешім қабылдайтын болса, онда ол БҰҰ-ң Иранға қарсы шектеулер салуына соқтырар еді.
XS
SM
MD
LG