ЛОНДОН: Ұлы Британияның премьер-министрі Тони Блэр тағы да өз үкіметінің АҚШ-пен және құрлықтық Еуропамен тығыз одақтас болуға ұмтылатынын мәлімдеді. Дүйсенбіде Лондонда сөйлеген сөзінде британ премьері - Еуропа елдерінің жетекшілерін Ирақтағы соғыстың салдарынан туған қарама-қайшылықтарды аттап өтіп, Америка Құрама Штаттарымен бірге екендерін мәлімдеуге шақырды. Еуропа елдері, деп атап көрсетті ағылшын премьер-министрі, Балқан түбегінен Ауғанстанға дейінгі бірқатар елде бейбітшілік пен экономиканы қайта көтеруге белсенді атсалысуда. Ендігі жерде, деп ойын жалғастырды Тони Блэр, терроризмге қарсы коалиция Ирақта бейбітшілік пен демократия орнатуға тиіс.