Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының комитеті Ирандағы адам құқықтарының жағдайын сөгетін қаулы қабылдады. Азаптаулар мен қинауларды тоқтатуға, сөз бостандығы мен әйелдер теңдігін қамтуға Иран үкіметіне үндеу айтылды. Айқын мысал ретінде маусым айында абақтыда журналист Захра Каземидің қаза тапқаны айтылды. Иран елшісі Пайманбх Хастей сынмен келіскен жоқ.
Канада ұсынған қаулының жобасы көпшілік дауыспен қабылданды. Ресей және көптеген мұсылман елдері қарсы дауыс берді.