ТБИЛИСИ: Гүржістан президенті Эдуард Шеварнадзе биліктен кетті. Журналистер алдында президент Шеварнадзе оппозиция жетекшілерімен және Ресейдің сыртқы істер министрі Игорь Ивановпен келіссөздерінен кейін қантөгісті болдырмау үшін осындай шешімге келгенін мәлімдеді. Гүржістан президентінің міндетін грузин парламентінің бұрынғы төрайымы Нино Бурджанадзе атқаратын болады. Тбилисидің орталығында оппозицияны жақтаушылар жеңісін тойлауда. Грузин оппозициясы Э.Шеварнадзенің биліктен кетуін, жаңадан президент және парламент сайлауларын өткізуді талап етіп келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады