КИНИШЭУ: Молдованың Приднестровьесіндегі жанжалды үйлестірудің Ресей ұсынған жоспарына қол қойылмайды. Молдова президенті Владимир Ворониннің мәлімдеуінше, еуропалық ұйымдармен ақылдаспай жатып, ресейлік жоспарға қол қою асығыстық болады деп есептейді. Ол жоспарға молдова оппозициясы қарсы шықты. Оппозицияның мәлімдеуінше, оның өз пікірінше, елдің ыдырауына соқтыратын әлгі жоспарға қол қойылатындай болса, президентті биліктен аластату үрдісін бастамақ.
Президент В.Воронин: Молдованың Приднестровьесіндегі жанжалды үйлестірудің Ресей ұсынған жоспарына қол қойылмайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр