Accessibility links

Ресей Киото хаттамасын бекітпек емес.


Ресей президентінің кеңесшісі Ресей Киото хаттамасына өз қолын қоймайды деп мәлімдеді. Ресей жағы Киото хаттамасына қол қою Ресей экономикалық дамуына кесірін тигізуі мүмкін. Ресейдің қолынсыз бұл хаттама қағаз бетінде қалғалы отыр.

Ресей президентінің көмекшісі Андрей Илларионовтың Ресей Киото хаттамасын бекітпейді деп мәлімдеуі әлемнің төбесінен жай түсіргенмен бірдей болды деп жазады радиомыздың талдаушысы Джереми Бранштеин. 1997 жылы жапон қаласы Киотода қабылданған халықаралық хаттама бойынша қоршаған ортаны сақтау үшін әлем елдері өндірістен ауаға шығатын зиянды көмірқышқыл газын қысқартуға тиіс еді. Хаттама индустриялы мемлекеттер өздерінің көмірқышқыл газ шығаратын өндірісінің 5 пайызын 2012 жылға дейін қысқартуға тиіс деген болатын. Алайда сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Ресей президентінің бас кеңесшісі Андрей Илларионов бұл хаттамаға қол қоюға Ресейдің батылы жетпей отыр деді:

"Егер дәл осы нұсқасындағы Киото хаттамасын бекітер болсақ ол Ресей экономикасының өсуіне тұсау болмақ. Сондықтан хаттаманың бұл нұсқасын бекіте алмаймыз. Кәзіргі көптеген дамыған елдер өздеріне-өздері бұндай шектеулер қойып отырған жоқ."

Алайда, хаттаманы түзушілер Ресейдің бұл пікірімен келіспейді. 100-ден аса ел кәзірдің өзінде бұл хаттамаға қол қойып отыр дейді. Экономикалық тауқыметтерді көлденең тартып бұл хаттамаға қол қоймағандар арасында АҚШ бар. Хаттама шарты бойынша хаттама егер жер бетіне тарап отырған көмірқышқыл газының 55 пайызын шығарып отырған елдер қол қойғанда ғана заңға айналмақ. Бүгінде соның 44 пайызы жинақталып отыр. Жер бетіндегі ауаның 17 пайызын ластап отырған Ресей хаттамаға қол қойғанда онда хаттама халықаралық заңға айналатын еді. Қоршаған орта бойынша ЕО комиссары Маргот Волстром не дейді:

"Киото хаттамасы әлі өлген жоқ. Хаттама сәл ғана демін ішіне тартты деуге болады."

БҰҰ-ның табиғат өзгерісі бойынша өкілі Майкл Уилиямс:

" Соңғы аз ғана ай ішінде біз Ресей тараптан бірізді деуге қиын ала-құла пікір естідік. Путиннің өзі хаттаманы бекітуге Ресей дайын емес деген еді, алайда ешқашан қол қоймаймыз демеген."

БҰҰ-ның даму бағдарламасының үйлестірушісі Сюзан Легро Ресей президентінің кеңесшісі Илларионовтың хаттамаға қол қою Ресей экономикасын шектейді деген пікіріне дау айтады:

"Экономика құрылымдарын өзгертер болса, қызмет көрсету саласын дамытар болса Ресей 60-70 жылдардағыдай қуат көздерін көп қажет етпеуі мүмкін."

БҰҰ-ның даму бағдарламасының өкілі Сюзан Легро:

"Меніңше бұл үлкен дағдарыс. ҚШ мен Ресейсіз бұл жұмысты қозғау қиын болады."

Соныңмен адамзаттық маңызы бар жер бетіндегі ауаның тазалығы жолында соңғы 20 жылға созылған күрес нәтижесін Ресей тап-таза жоққа шығарғалы отыр. Алайда кейбір сарапшылар Ресей бұл хаттама мәселесін саудаға салып отыр деп біледі. ЕО-пен сауда көлемінің ұлғайып тарифтың жеңілдетілуі Ресейдің бетін бері қаратуы мүмкін. Ресейдің бұл арманын Путиннің осы аптада паш етуі бекер емес деп біледі.
XS
SM
MD
LG