Желтоқсанның 8- күні түстен кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдан Пәкістан Ислам Республикасының астанасы Исламабадқа ресми сапармен аттанып кетті.
Біржарым күнге созылатын қысқа сапары барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан президенті Первез Мушарафф және басқадай осы елдің жоғарғы басшыларымен кездеседі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі бірқатар келісімдерге және екі ел іскер топтары өкілдерінің қатысуымен өтетін “ Қазақстан- сіздің сауда және инвестициялық серіктесіңіз” атты бизнес форумында сөз сөйлейді. Бұл туралы Радиомызға Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдау орталығының 1-хатшысы Мұхтар Кәрібай хабарлады. Оның хабарлауынша бүгін яғни желтоқсанның 8 і күні кешкісін президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Пәкістан президенті Первез Мушарафф екеуі бетпе-бет, тар шеңбер жағдайында жеке кездеседі содан кейін екі жақтың делегация мүшелері тұгел қатысқан кеңейтілген жағдайда қайта кездеседі. Бұл кездесулерде екі жақ Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым қатынас, байланыс мәселелерін сондай ақ Азия құрылығындағы бейбітшілік, тұрақтылық, қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Кешінде Пәкістан президенті Қазақстандық құрметті қонаққа арнап ас береді. Желтоқсанның 9-ы күні Исламабадта өтетін “Қазақстан-сіздің сауда және инвестициялық” атты бизнес форумда Қазақстан президенті сөз сөйлейді. Одан соң Нұрсұлтан Назарбаев осы қаладағы ең үлкен мешіт Файсал мешітіне бас сұғып, шығады. Ал кешкісін ол Пәкістандағы қысқа түрдегі ресми сапарын аяқтап Қазақстанға қайтып оралады.