БАЙҚОҢЫР: Жас жұбайлардың Халықаралық ғарыш стансасына саяхаты 40 млн. доллар тұрады. Росавиакосмос агенттігінің ресми өкілі Сергей Горбуновтың мәлімдеуінше, 20 млн. доллар төлеген және арнайы дәрігерлік теcттен өтіп, бірқатар талап-шартты орындаған кез-келген адам ғарышқа ұша алады. АҚШ-тық ”Спейс эдвенчерс” компаниясымен арадағы келісімге сәйкес, Байқоңырдан ұшырылатын бір ғана “Союз” кемесімен бірден 2 туристі, яғни ерлі-зайыптыларды ұшыру қарастырылған.