Одақтастық қарым-қатынастар туралы келiсiммен қатар, халықаралық автокөлiк қатынасы, сондай-ақ, мемлекеттiк шекара арқылы жүрiп-тұру мәселелерi бойынша үкiметаралық келiсiмдерге қол қойылды. Бұл құжаттар Қазақстан басшысының айтуынша, қырғыз жағының өтiнiштерiн қанағаттандырады. Мысалы, бұдан былай қырғыз жүк тасымалдаушыларының Қазақстан территориясы арқылы жүрiп-тұруы мейлiнше жеңiлдетiлмек. «Ендi қырғызстандық жүк тасымалдаушыларға еш бөгет қойылмайды», - дедi Президент Н. Назарбаев.
Ал Қырғыз Республикасының Президентi Асқар Ақаевтың айтуынша, қол жеткiзiлген келiсiмдер Қырғыз елi үшiн стратегиялық маңызға ие. Мысалы, Одақтастық қарыс-қатынастар туралы келiсiм екi елдiң мемлекеттiк қауiпсiздiгiн бiрлесiп қорғаудан бастап экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтиды.
Келiсiмнiң одақтастық қарым-қатынастар туралы деп аталу себебi, Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, оның ең алдымен екi мемлекеттiң қорғаныс саласында ынтымақтасуына байланысты. Мысалы, Қазақстанға немесе Қырғыз Республикасына әскери агрессия жасалған күнде оған екi елдiң әскери әлеуетiмен қатар, экономикалық және басқа да ресурстарын қарсы қойылады. Қазақстанның мемлекет басшысы мұның соңы келешекте Қырғызстан мен Қазақстанның бiр одаққа бiрiгуiне ұласуы мүмкiн екенiн де жоққа шығармайды. «Егер екi елдiң де мүддесiне сай келетiн болса, халықтардың өзi ниет танытып жатса ол ғажап емес», - дедi.
Асқар Ақаев Қырғызстан сияқты шағын мемлекеттер әлемдiк ықпалдастық кеңiстiгiне шығу үшiн алдымен аймақтағы интеграциялық қарым-қатынасын нығайтып алуға тиiс. Осы тұрғыдан алғанда Еуразиалық аядағы ықпалдастық арқауын бекемдей түсуге мүдделi дедi.
Тараптардың кездесуiнде, Қырғыз республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiк объектiлерiне Қазақстанның меншiк құқығын тану туралы, сондай-ақ, Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi жөнiндегi екi жақты келiссөздер хаттамасына қол қойылды. Алдыңғы хаттама Ыстықкөлдегi Қазақстанға қарайтын демалыс, сауықтыру мекемелерiнiң Қазақстанға басы бүтiн берiлгенiн бекiттi.