БАҒДАД: Бейсенбі күні күн бата Бағдадтағы американ-британ әкімшілігі кеңсесінің ауласында кем дегенде 3 зымыран жарылды. Опат болғандар жоқ. АҚШ әскері Бағдад төңірегінде коалиция әскерлеріне қарсы тұтқиыл шабуылдарды ұйымдастырып жүрген қарулы топтардың ізін кесу шарасын жалғастыруда. Әлгі топтардың базасы-ау деген жерге бейсенбіде әуеден және зеңбіректен соққы берілді. Баакуба қаласында АҚШ-тың әскери базасы атқыланып, 8 адам жараланды, екеуі хал үстінде.
Бейсенбі күні күн бата Бағдадтағы американ-британ әкімшілігі кеңсесінің ауласында кем дегенде 3 зымыран жарылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады