Өрт сөндірушілерге алты бірдей үлкен арнаулы көлік, екі Газель мен бір шұғыл әрекетке арналған арнаулы көлік берілді. Бүгіннен бастап облыстық өртке қарсы күрес қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Облыстық өртке қарсы күрес қызметінің бастығы Асылбек Бекжігітовтың айтуынша, соңғы үш жылда облыста жаңа жыл мерекесі кезінде ірі өрт оқиғасы тіркелген жоқ.