Сондықтан да оған Женева келісіміне сәйкес соғыс тұтқынына тиісті барлық құқықтар беріледі деген Пентагон өкілі. Саддамды Қызыл крест ұйымының қызметкерлері келіп көре алады және ол сыртқы дүниемен хат-хабар алысуға хұқылы. АҚШ декларациясы сондай-ақ Саддам соғыс қылмыскері ретінде де жауапқа тартылатындығын айғақтайды.
Кеше Ирақтың орталығындағы Бақуба қаласындағы шиитттер мешітінде қуаттты жарылыс болған. Ең кемінде 5 адам опат болып, басқа да көптеген адам жарақат алған. Бағдадта да коалицияның бір жауынгері өлтірілген.
БҰҰ-ң Бас хатшысы Кофи Аннан осы ұйымдағы Американың өкілі Джон Негропонтемен Ирақтың болашағы турасында қаңтардың 19-на межеленіп отырған кездесудің жай-жапсарын әңгімелесетін болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады