Уақиға Есiлдiң бойында, қаланың жарық та сәндi, полиция жасағы ұдайы қарауылдайтын көшесiнде, дәлiрек айтқанда, Үкiмет басшысы Даниял Ахметов тұратын үйдiң жанында болған. Оның үстiне Ресей Федерациясының Президентi Владимир Путиннiң ресми сапарына байланысты сол күнi қауiпсiздiк шаралары күшейтiлген-дi. Мұндай жағдайда кәнiгi қарақшының кiсi тонауға бара қоймайтыны айтпаса да түсiнiктi. Осы қырынан алғанда, қарақшылық шабуыл жасағандардың тым тәжрибесiз болуы мүмкiн. Олай болған күнде, оларды әшкерелеу қиынға соқпас едi деген ой келедi.
Екiншi қырынан келсек, өздерiне сенiмдi, әлдекiмдердiң айдауымен әрекет ететiн әккi қарақшылардың да әрекетi сияқтанады. Қысқасын айтқанда, күмән туғызарлық жәйттер баршылық.
Жұлдыз Төлеуова: «Полиция қызметкерлерiнiң әрекетiне, жұмсартып айтсам, көңiлiм толмады. Таксимен үйге жеткен соң дереу полицияға хабар берiлдi. Екi полицей келдi де, уақиғаның басқа ауданда болғанын айтып, қарақшылардың iзiне түсуден бас тартты. Сөйтiп, бiр - бiрiне сiлтеумен жүргенде көп уақыт өтiп кеттi. Ақыры, уақиға болған жерге, одан соң, түнгi екiнiң кезiнде, Сарыарқа аудандық iшкi iстер бөлiмiне апарып, күдiктiлердiң суреттерiн көрсеттi. Тегеушi де, компьютерлiк қызметтiң маманы да ұйықтап жатыр екен», -- дейдi. Бұдан соң ол компьютердегi күдiктiлер топтамасынан өзiне қастандық жасағандарға сәйкес келедi-ау деген 10 адамды көрсеткен.
Сарыарқа аудандық полиция бөлiмiнiң Қылмыстық iстердi iздестiру қызметiнiң бастығы Бақыт Ашқаровтың айтуынша, әзiрге сезiктi деген бiр адам назарға iлiккен көрiнедi.
Дәрiгерлер Жұлдыз Төлеуованың мыйы шайқалған деген анықтама берiп отыр.