Accessibility links

Доллар әрі қарай құлауы мүмкін.


АҚШ долларының бағамы әлемдік қаржыларға шаққанда түсуін жалғастырып жатыр. Еуромен салыстырғанда бағамы түcсе, Британия фунтына шаққанда бұл 11 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке жетсе, жапон иенасына шаққанда бұл 3 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке келді. Талдаушылардың айтуынша, бұл бұнымен шектелмейді. Доллардың құнсыздануы бір жағынан АҚШ-тың үлкен бюджет және сыртқы сауда жетімсіздігімен тікелей байланысты, сондықтан Американың Орталық банкі өзінің пайыздық мөлшерін таяу арада көтере қойуы екі талай.

Соңғы екі жыл ішінде АҚШ доллары Еуропаның ортақ қаржысы еуорға шаққанда өзінің құнының үштен бір бөлігіне құнсызданды. Басқада әлемдік валюталарға да сондай күйде. Бұл қашанға дейін жалғасады?

АҚШ-тың Орталық банкінің Федералдық Қор жүйесінің саясатын белгілеуші идара мүшесі Бен Бернэйнктің өткен аптада жасаған мәлімдемесіне сай, "Федералдық үкімет" төменгі пайыздық мөлшерді біразға дейін ұстанады. Бұл инвесторлардың американдық активтерге қызығушылығын кемітеді әрі долларға сұраныс азаяды. Және ғаламат американдық сауда мен бюджет жетімсіздігі мәселесі бар.

Экономист Интеллидженс Юниттің бас экономисті Робин Бюдың айтуынша:

"АҚШ өзінде өндірген өнімнен гөрі әлде қайда көп тұтынады, сондықтан көп заттарды импорттауы себебінен ол шет елден қарыз алуға мәжбүр. Халық Америкалық компаниялармен жекеменшік саланың қарыздарының барған сайын өсіп отырғандығына алаңдаушылық танытып отыр. Америкада әркімде үкіметтің қарыздарының ғаламат өсуіне өз алаңдаушылығын білдіруде. Бұл Американың ұзақ мерзімдік өсімі қаншалықты өсетіндігі үшін маңызды, себебі шетелдіктер Америкаға қаржы салуға барған сайын құлшыныс танытып отырған жоқ. Сондықтан ғаламдық деңгейде долларға сұраныс азайып және айырбастау бағамы түсіп барады."

АҚШ-тың экономикалық діңгегінің өзгеріске ұшырауына байланысты үкімет өз алаңдаушылығын білдірсе, доллар хақында талдаушылар, ол әрі қарай құнсыздана түседі деуде. Нью-Йорктегі Ейч Си Би Эстың бас қаржы болжаушысы Марк Чандлердың жағдайға болжамы мынандай :

"Біздің ойымызша еуро жыл ортасында 1-де 35 ке жетеді. Және біз жыл ортасында доллардың иенаға айырбасы бір доллар 100 иенадан төмен болады деп есептейміз. Осылайша келесі бірнеше тоқсан бойы доллар қысым астында болып ол жылдың екінші жартысында АҚШ-тағы сайлау алдында тұрақтанады."

Әзірше Вашингтон қанен-қаперсіз күйде, өйткені қуатсыз доллар экономиканы жандандырып американ экспортын біршама арзандатып отыр. 7-ші қаңтар күні АҚШ Қаржы министрі Джон Сноу күшті долларды қолдайтындығын білдірді. Бірақ ол, доллардың төмендеуіне АҚШ-тың араласпайтындығына да, тоқталды:

"Біз күшті долларды қолдаймыз. Қуатты доллардың болғаны АҚШ-тың мүддесі және біз валютаның нақты құны қаржылардың айырбастау құны бақталастыққа төтеп бере алатын ашық базарда өз бағасын алуы тиіс деп санаймыз."

Қалыптасқан жағдайда Еуропаның Орталық банкінің кез келген әрекеті қызықты, өйткені саяси қайраткерлер мен іскерлер еуроның тым тез қымбаттауы Еуропа экономикасына нұсқан келтіреді деуде. Қаңтардың 8-нде Еуропаның Орталық банкінің президентті Жан-Клод Тричет пайыздық мөлшерді төмендету қажет деген талаптар айтылғанда, айрбастау бағамдарында күрт қимылдың болмауы тиіс,- деді.

Доллардың құнсыздануына байланысты өткен сәрсенбіде Халықаралық қаржы-несие қоры доллардың түсуі басқа елдердің макроэкономикалық саясатын күрделендіре түсті деп мәлімдеме жасады. Және Жапонияның Орталық банкі иенаның көтерілгеніне мәз емес, сондықтан ол қаржы базарларында өзіндегі долларларды сату арқылы оның құнын көтермекші болды. Бірақ талдаушылардың айтуынша, әлсіз долларды құптаудың реті жоқ. Әйтседе Би Н Пи Парибастың Лондондық бөлімшесінің шетелдік айырбас бойынша бас талдаушыысы Ханс-Гюнтер Редекердың айтуынша, күшті еуро еуроаймақтағы инфляцияның қарқынын тежеуге мүмкіндік беріп отыр:

"Еуроның инфляция деңгейі Еуропалық Орталық банктің жобалаған 2 пайыздық деңейіне қарағанда әлде қайда жоғары. Сондықтан сауал туындайды, егер еуро мұншалықты қуатты болмаса онда еуроның инфляция мөлшері қандай күйде болған еді? Мен еуропалық қаржы-несие жетекшілерінің қаржы саясатындағы пайыздық мөлшер деңгейіне байланысты кез келген пікірлерге мұқият болатындығына сенемін."

Міне сондықтан АҚШ пен Еуропаның жоғарғы дәрежелі ұлықтары доллардың әлсіз болғанын өз мүддесі тұрғысынан қолдайды. Барлығыда өзгеруі мүмкін. Экономист Интеллидженс Юниттің өкілі Бюдың айтуынша, ең өзекті мәселе ол доллардың құлдырауында емес оның тездігінде. Оқыс құлдырау билік орындарын толғандырып оларды тез әрекетке итермелеуі мүмкін, - дейді ол.
XS
SM
MD
LG