МӘСКЕУ: Ресейде реформалардың жаңа сатысы басталды. Сейсенбіде Дүниежүзілік банктің президенті Дж.Вульфенсонмен кездесуінде орыс президенті В.Путин осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, сөз - ең алдымен - экономикалық өсімді жеделдету, кедейлікпен күрес және бюджет саясаты мен банктік-қаржылық саланы жетілдіру жөнінде болып отыр. Кеше және бүгін Дж.Вульфенсон Ресей басшылығымен таяу жылдардағы өзара ықпалдастық бағдарламасы мен әлемдік экономика проблемаларын, оның ішінде кедей елдердің қарыздарын кешіру мәселесін талдамақ.